Жаңбыр, бұршақ, жел: 17 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» 17 тамызға Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста жауын-шашын қатты болуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал.
Қазақстан бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.
Сонымен қатар елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа райы сақталады. Алматы облысы мен Жетісу облысында күндіз ауа температурасы +35...+36°C, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°C-қа дейін көтеріледі.