Шоу-Бизнес

"Ойбай, бақытсыз болып қалады-ау": Алтынай Жорабаева ұзатылған қызы туралы айтты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева желідегі парақшасында ұзатылған қызына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесі арнайы жазылған әнге тоқталып, қызына деген сағынышын жеткізді.

"Мына ән кеңінен тарап жатыр екен. Бұл көз жасым қызымның «ойбай, бақытсыз болып қалады-ау» дегеннен емес. Әннің сөздері әр ананың жүрегіне жетеді екен… Қыз баланың мұраты — өз отауын құрып, бақытты болу ғой. Тек кеше ғана кіп-кішкентай қызым еді… Қашан бой жетіп, өз алдына бір үйдің келіні болып кеткенін байқамай да қалыппын. Ана үшін баласының өскені — бір жағынан қуаныш, бір жағынан жүрекке ауыр сағыныш екен…", - деп жазды ол.