Жаңалықтар

Энергетика министрлігі Қазақстанның оңтүстігінде жарық неге өшкенін түсіндірді

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жарықтың жаппай өшуіне Орталық Азияның энергетикалық жүйесіндегі электр ағынының күрт өзгеруі себеп болған. Бұл туралы  Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Министрліктің хабарлауынша, 2026 жылғы 14 тамызда энергетикалық жүйеде қуат күрт артып, оған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болды. Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлеріндегі тұтынушылар ажыратылды.
 

"Қазіргі уақытта жүйелік оператор «KEGOC» АҚ қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Кей өңірлерде электр энергиясымен қамту қалпына келді. Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің бақылауында. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы толық ақпарат қосымша хабарланады", - дейді министрлік.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.
 

"Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізуде. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат таралуда. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген ақпаратта.

Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында.