Қазақстанда аптап ыстық сақталады: 14 тамызға арналған ауа райы болжамы
14 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Ал батыс облыстарда күннің біртіндеп салқындауы күтіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +14…+16, күндіз +32…+34 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда күндіз +35…+37, Шымкентте +38…+40 градус болады. Екі қалада да жауын-шашын күтілмейді.
Түркістанда ең жоғары температура тіркеледі: күндіз ауа +41…+43 градусқа дейін қызады. Қызылордада +38…+40, Қонаев пен Талдықорғанда +37…+39 градус болады.
Жезқазған, Қарағанды, Өскемен және Семейде күндіз ауа температурасы +34…+36 градус шамасында болады. Көкшетау, Павлодар, Қостанай және Петропавлда күндіз +28…+32 градус аралығында сақталады.
Батыс өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде салқын болады. Оралда күндіз +23…+25, Ақтауда +29…+31, Ақтөбеде +28…+30, Атырауда +30…+32 градус күтіледі. Ақтау мен Оралда жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.