Жаңалықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Алматы тұрғындары бүгін, 12 тамызда, жер сілкінісін сезді. Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 12:14-те тіркелген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі тіркеген жер сілкінісінің Алматыдағы сезілу күші 2 балл болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, табиғи апат салдарынан зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.