Жаңалықтар

42 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: 13-15 тамызға ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 13-15 тамызға ауа райы болжамын ұсынды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінще, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын бірнеше барикалық түзіліс қалыптастырады. Алдымен солтүстік циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжып, жаңбыр, найзағай, желдің күшеюін алып келеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

15 тамызда циклонның артынан антициклон жылжи бастайды. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы тұрақты түрде ыстық болады.

"Оңтүстік ауа ағындары жауын-шашынсыз ауа райы мен жоғары температуралық фонды сақтайды. Күндіз ауа температурасы +37…+42 °C-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады", - делінген хабарламада.