Жаңалықтар

«Басы бөлек жатыр»: Жағалаудан ер адам мәйіті табылды

Қырғызстанның Ош облысындағы Кемпірабад су қоймасының жағалауынан ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның басы денесінен бөлек жатқан,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға 7 тамызда Өзген ауданында болған. Құқық қорғау органдарына ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған.

Алдын ала тексеру барысында ер адамның денесі мен басы бір-бірінен шамамен 600 метр қашықтықта орналасқаны анықталған.

Қазір милиция марқұмның жеке басын анықтап жатыр. Сонымен қатар оның қандай жағдайда қаза болғаны тексерілуде.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаға қатысты тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.