Жаңалықтар

"Досының анасымен қарым-қатынасы туралы айтқан": екі блогер қамауға алынды

Алматы полициясы әлеуметтік желілерде әдепсіз сипаттағы бейнематериалдар жариялап, тікелей эфир барысында балағат сөздер қолданған екі блогерді жауапкершілікке тартты. Олар әкімшілік қамауға алынды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Полиция блогерлердің әлеуметтік желілерде жариялаған және тікелей эфир кезінде көрсеткен видеоларынан үзінділерді көрсетті.

Жазбалардың бірінде блогер көпшілік алдында досының анасымен қарым-қатынасы туралы айтып, жеке өмірге қатысты тым ашық мәліметтерді бөліскен. Ал басқа видеоларда балағат сөздер қолданылған.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде екі блогер де жауапкершілікке тартылды.

«Тікелей эфирлер, стористер және бейнежазбалар – жария кеңістік. Әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған материалдары мен айтқан сөздері үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін, оның ішінде әкімшілік қамауға алу жазасы да қарастырылғанын түсінуі қажет», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Алматы полициясы блогерлерді, стримерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын қоғамдық тәртіп пен сөйлеу мәдениетін сақтауға, әдепсіз материалдарды таратпауға және балағат сөздер қолданбауға шақырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)