Болат Назарбаевтың 14 баласына қатысты жер дауы сотқа түсті
Алматы облысында Болат Назарбаевтың балаларына тиесілі жерге қатысты сот ісі қаралады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Алматы облысында Болат Назарбаевтың 14 баласының атына рәсімделген жер теліміне қатысты сот процесі басталды.
Tengrinews.kz мәліметінше, Қарасай ауданының прокуроры жер телімін мемлекетке қайтару туралы талап-арызбен сотқа жүгінген.
Жауапкерлер қатарында Қарасай ауданының әкімі, аудандық жер қатынастары бөлімі, үш компания, сондай-ақ Болат Назарбаевтың жұбайы, ұлы Нұрбол және өзге 13 баласы көрсетілген. Олардың арасында кәмелетке толмағандар болғандықтан, аты-жөндері жария етілмейді.
Прокуратура жерді сатып алу-сату келісімдерін және қабылдап алу-беру актілерін жарамсыз деп тануды сұрап отыр. Алайда сот құжаттарында аталған жердің балалардың меншігіне қандай негізде өткендігі және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптың себептері әзірге нақтыланбаған.
Алдын ала сот отырысы тамыз айының соңында өтеді деп жоспарланған.