Грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Биыл жоғары білімге бөлінген мемлекеттік гранттар саны артқан. Бакалавриатқа – 75 371, магистратураға – 11 007, докторантураға 3 079 грант қарастырылған.
Грант иегерлерінің тізімі министрдің ресми Telegram-арнасында жарияланды.
Сонымен қатар, толық нәтижелерді Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты, gylym_jogary_bilim Telegram-арнасы, сондай-ақ Instagram және Facebook-тегі ресми парақшаларынан көруге болады.
Министрлік нәтижелер жарияланған алғашқы сағаттарда ресми порталдарға жүктеме артуы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты сайттар баяу жұмыс істесе, грант иегерлерінің тізімін PDF форматында жүктеп алуға болады.