Шоу-Бизнес

«МузАРТ» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түсіп қалды

«МузАРТ» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«МузАРТ» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Өнер иесінің айтуынша, жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты шұғыл түрде дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келген. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

Оның сөзінше, дәл осы күні Шымкент қаласында өтетін шығармашылық кешке қатысуы керек болған. Алайда денсаулығына байланысты жоспарланған сапарын кейінге қалдыруға мәжбүр болған.

«Бүгін Шымкентке ән кешіне баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты @erensau.kz медицина орталығының мамандарының көмегімен жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Дәрігерлерге, әсіресе Алмат Егізеков бастаған ұжымға мың алғыс! Баршаңыздан дұғада болуды сұраймын», – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Әнші өзіне дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын айтып, оқырмандарынан қолдау мен дұға тілеуді өтінді.

Қазіргі уақытта өнер иесінің денсаулық жағдайына қатысты қосымша ресми ақпарат жарияланған жоқ. Әлеуметтік желі қолданушылары мен жанкүйерлері оған сауығып кету тілектерін жолдап жатыр.