Бас прокурордың орынбасары Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты пікір білдірді
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Мен мағлұматты өздеріңіз сияқты кеше ғана Telegram каналдан оқыдым. Бірақ ол іске қатысты менде ешқандай мағлұмат жоқ. Қажет болса, баспасөз өкілі бар. Сол кісіге сұрағыңызды жолдаңыз. Жауап береді», - деді Сенаттың жалпы отырысының кулуарында Ғалымжан Қойгелдиев.
Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын Әнару Қалдыбекқызы есімді қыз "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағым түсірген болатын. Боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды, кейіннен Жанқош Тұраровтың адвокаты боксшының Құрманәлиеваны танитынын растады.
Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста 2009 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін ол барлық 28 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Үйленген, балалары бар.