Белгілі бапкер, футболшы қайтыс болды
«Астана» футбол клубының балалар мен жасөспірімдер орталығында қызмет еткен тәжірибелі маман, клубтың бұрынғы ойыншысы Александр Лисин 55 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Александр Лисин – Целиноград футбол мектебінің түлегі. Ол ойыншылық мансабында «Целинник», «Астана» және «Жеңіс» клубтарының сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы мен кейіннен футзалдан ұлттық құрамасында да ойнаған.
Спорттық мансабынан кейін Александр Лисин ұзақ жылдар бойы «Астана» футбол клубының құрылымында еңбек етіп, жас футболшыларды тәрбиелеуге және балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға үлес қосты.
"Астана" футбол клубының басшылығы мен ұжымы Александр Александровичтің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оның жоғары кәсібилігі, спортқа адалдығы және жас буынды тәрбиелеуге қосқан зор үлесі біздің жадымызда мәңгі сақталады", – делінген клубтың көңіл айту хабарламасында.