Жаңалықтар

Ақтөбеде көршісінен зорлық көрген 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсамақшы болды (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында көршісінің тарапынан зорлық көрді делінген 15 жастағы қыз әлеуметтік желідегі буллингтің салдарынан ауыр психологиялық күйзеліске ұшыраған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жәбірленуші туралы түсірілген бейнежазба интернетте жарияланғаннан кейін оған қатысты қорлайтын пікірлер мен негізсіз айыптаулар көбейген. Жақындарының айтуынша, қоғамдық қысымнан кейін қыздың психологиялық жағдайы күрт нашарлап, отбасы полициядан көмек сұрауға мәжбүр болған.

Жәбірленушінің туысы Ақмарал Әжіғалиеваның сөзінше, елдімекенге келген блогерлер оқиға туралы сюжет түсірген. Кейін бұл материал отбасының келісімінсіз әлеуметтік желілерде кеңінен таралған.

Бейне жарияланғаннан кейін кәмелетке толмаған қыздың атына балағат сөздер айтылып, түрлі лақап аттар тағылған. Сондай-ақ оның зиянды әдеттерге әуестігі, ішімдік ішетіні және жігіттермен қарым-қатынасы туралы шындыққа жанаспайтын қауесеттер тараған.

Туыстарының айтуынша, мұндай қысым қыздың психологиялық жағдайына ауыр әсер еткен.

«Бүкіл жақындарымызбен бірге бұл түнді көз ілмей өткіздік. Қыз балаға бірдеңе болып кете ме деп қатты алаңдадық. Ол тоқтаусыз жылады. Қазір ауылда, ата-анасының жанында. Өткен түні онымен бейнебайланыс арқылы үздіксіз сөйлестім. Бауырымыз үшін қатты уайымдадық. Қазір оны жалғыз қалдырмауға тырысып жатырмыз. Ол әлі өте жас, мұндай қоғамдық қысымнан кейін не істерін білмей абдырап қалды», – деді Ақмарал Әжіғалиева.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ulysmedia.kz (@ulysmedia.kz)