Жаңалықтар

40 градус ыстық, жаңбыр: 7 тамызға ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 7 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік пен батыс аймақтарында аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +40 градусқа дейін жетеді.

Елордада көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +11…+13 градус, күндіз +26…+28 градус болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, күндіз +32…+34 градус ыстық сақталады. Шымкентте ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.

Ең ыстық өңірлердің қатарында Түркістан мен Қызылорда бар. Түркістанда күндіз +38…+40 градус, Қызылордада +37…+39 градус ыстық болады. Сондай-ақ Атырауда +35…+37, Таразда +34…+36, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Талдықорған және Оралда +32…+35 градус аралығында ыстық күтіледі.

Солтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде салқындау болады. Көкшетауда күндіз +21…+23, Петропавлда +23…+25, Қостанайда +25…+27, Павлодар мен Астанада +26…+28, Қарағандыда +27…+29 градус болады.

Шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы сақталады. Павлодар мен Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өскеменде жауын-шашын күтілмегенімен, желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +28…+30 градус шамасында болады.