Әлеумет

Айдарбек Сапаров ерекше өнер көрсетіп, желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қолына ара ұстап, ағаш аралаған видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Видеода министрдің тағы бір азаматпен бірге екі жақтап ағашты аралап жатқаны көрінеді. Сол сәтте Айдарбек Сапаров «ауылда өскен адамның қолынан бәрі келеді» деп пікір білдірген.

Айта кетейік, министр жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірдегі астық жинау науқанына дайындық барысымен танысқан.