Білім

7 тамызда кім грантқа түскені белгілі болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы нақты қай уақытта жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Министрдің Telegram-дағы жазбасына сәйкес, грант иегерлерінің тізімі 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады.

5 тамызда мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамына қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім саласындағы кәсіподақтар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Олар талапкерлердің өтініштерін қарады.

Мемлекеттік білім гранттары талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.

Конкурс қорытындысы министр Саясат Нұрбектің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

Биыл білім гранттары конкурсына қатысу үшін шамамен 127 мың талапкер өтініш берген.

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.