Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Оны қайдан көруге болады?
2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін белгілі болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Білім гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелерін қайдан білуге болады?
Нәтижелер Ғылым және жоғары білім министрі мен министрліктің ресми ақпараттық парақшаларында жарияланады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
Telegram: https://t.me/SayasatNurbekOfficial
Facebook: https://www.facebook.com/sayasat
Instagram: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
https://sayasatnurbek.com/
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшалары:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
Telegram: https://t.me/gylym_jogary_bilim
Facebook: https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
Instagram: https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/
Биыл білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш берген.
Ең көп өтініш мына бағыттарға түскен:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
педагогикалық ғылымдар;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Бір гранттық орынға шаққандағы ең жоғары конкурс болашақ:
аудармашылар;
дипломаттар;
заңгерлер;
психологтар;
мұғалімдер арасында күтіледі.
Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.