"Эротика Абай заманында да болған": ақын Исраил Сапарбай шығармалары туралы айтты
Ақын Исраил Сапарбай эротика тақырыбында жазған өлеңдері туралы айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы ақын журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында айтып берді.
"Қазақтың қызы — менің тақырыбым. Қызықтың бәрі, ләззатттың бәрі түнде. Бұл тек жатар кезде оқитын өлеңдер. Эротикалық өлеңдерім көп. Эротика, эстетика, этика деген үш ғылым бар", — деді Исраил Сапарбай.
Ақынның айтуынша, эротика - ер мен әйелдің шағылысуы. Бұрын да бұл тақырып өлеңдерде терең қозғалған.
"Төсек қатынасын өзің бере білуің керек. Поэзиямен, өлеңмен, әуенмен бере білуің керек. Адам оны оқыған кезде қызығатындай. Өлеңді оқығаннан кейін жігіт қызды, қыз жігітті іздейді. Өйткені сен оянасың. Эротика деген — әлемдік масштабтағы поэзия. Эротика деген Абай заманында да болған. Бірақ оған біз мән бермегенбіз", — деді ақын.