Аптап ыстық басылар емес: 1 тамыздан бастап қай өңірлерде күн салқындайды?
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің көптеген өңірінде аптап ыстық сақталып, жауын-шашын көбіне қысқа мерзімді әрі жергілікті сипатта болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және орталық өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
Ең жоғары ауа температурасы елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысы және орталық аймақтарында тіркеледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріледі.
Ал батыс өңірлерде 1 тамыздан бастап ауа райы біртіндеп өзгере бастайды. Температура аздап төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары деңгейде сақталады.