Шоу-Бизнес

"Тұтқаны көтермесем бітті": Зарина Омарова күйеуі туралы айтты

Қазақстандық танымал әнші Зарина Омарова он жылдық үзілістен кейін сахнаға оралған соң күйеуі өзін қатты қызғана бастағанын айтты,деп хабарлайды buginmedia.kz

Өнер иесі "Мамский әңгіме" подкастында. жолдасы екеуінің арасында келіспеушіліктер болып қалатынын жасырмады.

Әнші қазір жолдасы қоңырау шалғанда бірден жауап беруге тырысатынын айтты.

"Қазір тіпті қатты қызғанады. Тұтқаны көтермесем, бітті. "Қасыңда кім бар? Қасыңда не бар?" деген сұрақтар кететін. Менімен сөйлеспей қоятын. 95 келі болғанымда ол үшін бәрі жайлы болды. Ол кезде қызғанбады, мен үйде болдым ғой. Сахнаға оралған соң қызғаныш деген басталды. "Хабар" арнасының бір сериалына түстім. Түсірілім кезінде телефоныма қоңырау түсті. Жолдасым ашулы екен. "Үйде тамақ істелінбеген, керек емес сериалың да, басқасы да, не болып кетті мына үй?" деп айтты. Мен барынша түсіндіруге тырыстым. Бірақ түсінгісі келмеді. Түсірілім алаңындағы режиссерге тұтқаны беруімді сұрады. Мені ұятқа қалдырмауын өтіндім. "Онда тұрған не бар? Мен сенің күйеуіңмін. Не деген бітпейтін түсірілімдер? Қашанға дейін болатынын сұраймын" деді. Режиссермен сөйлесті. Ол жолдасыма бәрін түсіндірді. Бірақ шок болып қалды. Режиссерге жолдасымның қызғанышы бар екенін айттым", – деді Омарова.