Жаңалықтар

ҰҚК оңтүстік кореялық қылмыстық топтың 14 мүшесін ұстады

2026 жылғы 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, Корея Республикасының құқық қорғау органдары оларға қатысты телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар деген күдікпен қылмыстық іс жүргізіп жатыр.

Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан заңсыз әрекеттерде пайдаланылған компьютерлер, ноутбуктер мен ұялы телефондар тәркіленген.

Қазіргі уақытта ұсталған шетел азаматтары процестік іс-шараларды жүргізу және кейіннен өз еліне депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.