Жаңалықтар

АҚШ Иранға әуе соққыларын бастады

АҚШ әскері Иран аумағына жаңа әуе операциясын жүргізе бастады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) ресми мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, әскери операция 30 шілдеде Қазақстан уақытымен таңғы сағат 05:00 шамасында басталған. АҚШ тарапы бұл әрекетті Иранның бір күн бұрын Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға жасаған шабуылына жауап ретінде жүзеге асырып отырғанын мәлімдеді.

«АҚШ қарулы күштері Иранға қарсы соққы беру операциясын бастады. Бұл – Иранның кеше өңірдегі америкалық әскери бөлімдерге жасаған шабуылына берілген қатаң жауап», – делінген CENTCOM хабарламасында.

Қолбасшылықтың мәліметінше, операция АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша кешкі сағат 20:00-де басталған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери іс-қимыл жасалатынын ескерткен болатын. Оның айтуынша, мұндай шешім Тегеранның Иорданиядағы АҚШ әскери базасына жасаған шабуылынан кейін қабылданған.