«Кешке ұзату тойы»: Мақпал Жүнісова отбасындағы қуанышпен бөлісті
Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Ақерке есімді бойжеткенді Бекдәулет өз ата-анасымен бірге келіп, қазақтың салт-дәстүріне сай ұзатып алып кеткен.
«Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз ақ батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын», – деп жазды әнші.
Мақпал Жүнісова осылайша отбасындағы қуанышты сәтпен оқырмандарын бөлісіп, жас жұбайларға ақ тілегін жеткізді.