Канье Уэст Қазақстанға сапары алдында тағы бір дауға қалды
Америкалық рэпер Канье Уэстке қатысты сексуалдық сипаттағы қудалау ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Америкалық рэпер Канье Уэст пен оның бұрынғы көмекшісі Лорен Пишотта сексуалдық қудалау ісі бойынша келісімге келді.
Тараптар 23 шілдеде дауды өзара реттеген. Алайда келісімнің нақты шарттары жарияланған жоқ.
2024 жылы Лорен Пишотта Канье Уэстке қарсы сотқа шағым түсіріп, рэпердің өзін Шон Комбс (Diddy) қатысқан кештердің бірінде есірткі беріп, кейін жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын мәлімдеген.
Еске салайық, Канье Уэст 14 тамыз күні Алматыда концерт өткізуді жоспарлап отыр.