Шоу-Бизнес

Белгілі саздер қайтыс болды

Отандық сазгер, Orda және Ninety One топтарының репертуарындағы көптеген танымал әндердің авторы Сержан Бақытжанұлы өмірден өтті,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қаралы хабарды әншінің жақын досы, өнердегі әріптесі Дастан Оразбеков Instagram-парақшасында жеткізді.

«Бүгінгі қайғылы хабар қабырғамызды қайыстырды. Өмірден менің досым, сырласым, әріптесім, ақылдасатын кеңесшім, өнер жолын бірге кешкен аяулы азамат – Сержан Бақытжанұлы озды. Алла алдыңнан жарылқасын», – деп жазды ол.

Дастан Оразбеков марқұмның қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы қалған талантты сазгер болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Сержан Бақытжанұлының қаламынан туған Orda тобының «Қиын заман», «Ғашықсың ба?», «Жауап бер», «Тағдыр» әндері, Ninety One тобына арналған шығармалары, сондай-ақ өзінің орындауындағы «Көк аспан» туындысы халықтың жүрегінен орын алған.

Әнші марқұмның адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтіп, оның жомарттығы, кең пейілі мен терең ойы айналасындағылардың құрметіне ие болғанын жеткізді.

«Сен біздің жүрегімізде мәңгі сақталасың. Жаның жәннатта, иманың жолдас болсын, досым», – деп қоштасты Дастан Оразбеков.