Өртенген полицей ісі: күдікті әйелдің туысы шындықты айтты
Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Аслан Әлсеровтің үлкен резонанс тудырған өлімі әлі тергеліп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Күдікті марқүмның ккеліншегі мен екі ұлы. Журналист Руслан Өтепбай тәуелсіз зерттеу жүргізіп, келіншектің әпкесімен тілдескен.
"Жанжал бір ұстараздан басталған. Жанжал барысында Аслан жездемізді өлтіріп қойған. Қорыққаннан 300 шақырым жердегі Кеген ауылына апарып тастаған.Ешкім ешкімнің жанын алуға хақысы жоқ, әр адам өзінің жазасын алуы керек. Балаларға жаным ашиды. Балаларды отырғызып тастаза, өмірлері бұзылады Бұл екі бала ғана емес, тағы бес баланың да тағдыры тас-талқан болмақ. Күдікті марқұмның өзінің үлкен ұлы мен асыранды баласы және жары. Әпкем изоляторда, екі бала үйқамақта. Әпкем балаларды алып қалыңдаршы деп отыр, ", - дейді күдікті әйелдің туысы көзіне жас алып.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының Кеген ауданында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды. Қайғылы оқиға бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.Тергеу мәліметінше, ер адам кісі қолынан қаза табуы мүмкін. Кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті өртеуге әрекет жасалған. Қылмыстық іс «Ауырлататын мән-жайлардағы адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, іске марқұмның бұрын полицияда қызмет еткен жұбайы, кәмелетке толмаған ұлы және тағы бір адамның қатысы болуы мүмкін. Тергеу жалғасуда.