АҚШ Иранның байытылған уранын қолға түсіру үшін бұрын-соңды болмаған операцияға дайындалып жатыр – БАҚ
Арнайы мақсаттағы күштердің Ираннан байытылған уранды алып шығу операциясы «әскери тарихтағы ең күрделі операцияға» айналуы мүмкін, деп мәлімдеді сарапшы. БАҚ мәліметінше, ықтимал әскери араласуға дайындық барысында Иранның ядролық нысандарындағы миналанған туннельдер де ескеріліп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жоспар бойынша Фордодағы едәуір қираған нысан мен Исфахандағы қатты зақымданған ядролық кешен ғимараттарынан байытылған уранды шығару көзделген. Арнайы жасақтың шағын тобы үйінділерді аршу жұмыстарын жүргізеді. Дереккөздің айтуынша, бұл – аса қауіпті операция.
«Бұл қарсылас тараптың ықтимал қарсылығы жағдайында жүзеге асырылатын өте күрделі әрі логистикалық тұрғыдан қиын операция болар еді. Иран армиясы іс жүзінде әлсірегенімен, ол бәрібір Мадуроны күзеткен кубалық күштерге қарағанда әлдеқайда жақсы дайындалған», – деді Джозеф Роджерс.
Басылымның жазуынша, Иран мұндай операцияға дайындалып жатыр. Соңғы апталарда Исфахандағы шалғайда орналасқан және қатаң күзетілетін ядролық нысан тұзақтармен жабдықталған. CNN өткен айда жариялаған мәліметке сәйкес, Иран ықтимал шабуылға дайындық ретінде Исфахан кешенінің туннельдеріне миналар мен жарылғыш заттарды орналастырған.
Сонымен қатар, Натанздағы уран байыту кешеніне жүздеген ядролық центрифуга көшірілгені туралы ақпараттан кейін Пикакс тауы жаңа ықтимал нысана ретінде атала бастады. Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) 2025 жылғы дерегіне сәйкес, Иранның қорында 9 тоннадан астам байытылған уран бар.