Жаңалықтар

Түркістан облысында 2 жасар сәби қайғылы жағдайда көз жұмды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала сырттағы әжетханаға құлап, қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оtyrar телеарнасының хабарлауынша, оқиға 22 шілде күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, аулада орналасқан тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы дәретхана шұңқырына абайсызда құлап кеткен.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, жедел жәрдем, полиция, жергілікті атқарушы орган және орман шаруашылығының мамандары жедел жеткен.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар баланың денесін шұңқырдан шығарып алған. Алайда сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.