Жаңалықтар

Тамызда Қазақстанның жеті облысында құрғақшылық болады

Тамызда Қазақстанның жеті облысында құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдын ала болжам бойынша, 2026 жылдың тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде атмосфералық құрғақшылық болады.

Құрғақшылық мына аудандарда күтіледі:

Батыс Қазақстан облысы – Бөкейорда және Жәнібек аудандары;

Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандары;

Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;

Жетісу облысы – Алакөл және Ақсу аудандары;

Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандары;

Түркістан облысы – Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандары;

Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында, сондай-ақ Қостанай облысының Ұзынкөл мен Қамысты аудандарында ылғал мөлшері орташа деңгейден жоғары болады деп болжанып отыр.

Ал еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы көпжылдық климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі.