Қазақстан өңірлеріне 40 градус ыстық қайта оралады
25–27 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде Атлант циклонының әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің шығыс өңірлерінде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ал батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар Иран аумағынан келетін ыстық ауа массалары республикаға аптап ыстық алып келеді. Соның салдарынан бірқатар өңірде ауа температурасы қайтадан 40 градустан асады.
Күндізгі ауа температурасы:
батыс пен солтүстік-батыста – +38...+43°С;
солтүстікте – +30...+35°С;
орталықта – +28...+39°С;
оңтүстікте – +36...+41°С;
оңтүстік-шығыста – +29...+37°С;
солтүстік-шығыс пен шығыста – +23...+32°С болады.
Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, аптап ыстық кезінде күннің ең ыстық уақытында далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.