Жағымсыз иіс шыққан пәтерден үш жыл бұрын қайтыс болған адамның мәйіті табылды
Полицияға көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары есікті ашқанда адам шошырлық көрініске тап болған, деп хабарлайды Buginmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, пәтер ішінен шамамен үш жыл бұрын қайтыс болған адамның сүйек қалдықтары мен бірнеше мысықтың сүйектері табылған.
Оқиға орнынан түсірілген видеода үй ішінде радионың әлі күнге дейін қосулы тұрғаны байқалады. Оның бірнеше жыл бойы қалай жұмыс істеп тұрғаны әзірге белгісіз.
Бұл жағдай қоғамда көптеген сауал туғызды. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның ұзақ уақыт бойы жоғалғанын ешкім байқамаған. Сондай-ақ көршілер де пәтерден шыққан жағымсыз иіске мән бермегені айтылып отыр.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.