Жаңалықтар

"ЗАГС-қа келіп әуре болып жүрмеңіздер": тағы бір блогер ажырастатынын айтты

Блогер Ырысбала Икрамбай жеке өміріне қатысты күтпеген жаңалығын бөлісіп, ажырасу процесінен өтіп жатқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Buginmedia.kz.

«Ғайыптан тайып ажырасамын десеңіз, мен сияқты ЗАГС-қа келіп әуре болып жүрмеңіздер. Егер ортада бала, ортақ дүние-мүлік болса, онда тек сот ажырастырады екен. Біліп жүріңдер», – деді блогер.

Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай бұл жағдайға байланысты өзіне ақыл айтып, жалған жанашырлық танытпауды өтінді.

«Өмір ғой, бұны да көрейік. Звондап, жазып өтірік жанашырлық танытпаңдар. Өз ақылым өзіме жетеді», – деп жазды ол.

Блогердің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оның отбасылық өміріндегі өзгеріске қатысты түрлі пікір білдірді.