Жаңалықтар

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 23 шілдеге ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 23 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ел аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жаууы, дауылды жел соғуы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанып отыр.

Ірі қалалардағы ауа райы:

Астанада – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.

Алматыда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +19...+21°C, күндіз +29...+31°C.

Шымкентте – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C.