Жаңалықтар

Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, 44 градусқа дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК 23-25 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағы арқылы жылжып өтетін солтүстік-батыс циклоны еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, жекелеген аудандарда қатты жаңбырдың жаууына және бұршақтың түсуіне себеп болады. Суық ауа массаларымен толығатын циклон жауын-шашынмен қатар ауа температурасының төмендеуіне де ықпал етеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның батыс өңірлеріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды. Күндізгі уақытта ауа температурасы 34–39°С қатты ыстыққа дейін, жекелеген аудандарда 40–44°С өте қатты ыстыққа дейін болжанады.