Шоу-Бизнес

Актриса Айым Сейітметова ажырасып кеткенін айтты

Танымал блогер әрі актриса Айым Сейітметова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасап, күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуға өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оның сөзінше, ажырасу туралы өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы рәсімдемек болған. Алайда онлайн берген өтініші қабылданбаған.

Айым Сейітметова бұл шешіміне жұбайының көзіне шөп салғаны себеп болғанын жеткізді.

«Физикалық түрде шөп салу – эмоционалды шөп салу бар кезде уақыттың еншісіндегі нәрсе. Жігіттер, аманаттарыңды бағалаңдар және сүйіктілеріңді ешқашан сатпаңдар!» – деп жазды ол.

Айта кетейік, Айым Сейітметова – актер Азат Сейітметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Қазіргі таңда ол бір қыз тәрбиелеп отыр.