Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Өзбекстандағы елші лауазымына тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шетелдердегі Төтенше және Өкілетті елшілеріне қатысты бірқатар кадрлық өзгеріс енгізді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шетелдердегі Төтенше және Өкілетті елшілеріне қатысты бірқатар кадрлық өзгеріс енгізді.

Ақорда мәліметінше, Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ Әлібек Бақаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы лауазымынан босатылды.

Ал Амангелді Саинов Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар Президент жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ал Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Елші қызметіне дейін Ералы Тоғжанов премьер-министрдің кеңесшісі болды. Әр жылдары премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының әкімі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ кейінгі уақытта Joryq республикалық ат спорты федерациясының қамқоршылық кеңесін басқарды.