Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер енді сыйақы ала алмайды
Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік қызметкерлерге бұдан былай сыйақы берілмейтінін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оның айтуынша, үнемделген ақша бюджетке қайтарылады.
«Қаржы министрлігі шоттар арасында сыйақыға қаражат аударуға тыйым салды. Егер мемлекеттік органның үнемделген ақшасы болса, ол оны өзіне сыйақы ретінде аудара алмайды. Бұл қаражат бюджетке қайтарылады», - деп мәлімдеді Тәкиев Мәжіліс кулуарында.