Саясат

Баян Алагөзованың құдағиы Құрылтай депутаттығына кандидат болды

Танымал дәрігер-онколог, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарова «Әділет» саяси партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оның есімі партия бекіткен 186 кандидаттың тізіміне енгізілді.

Диляра Қайдарова көпшілікке медицина саласының білікті маманы ретінде танымал. Ол – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Әр жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын басқарған.

Айта кетейік, Диляра Қайдарованың ұлы Әлішер Қайдаров 2019 жылы продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбекке үйленген. Осылайша белгілі дәрігер Баян Алагөзованың құдағиы атанған.