"Сезім бір күнде сөнбейді": актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты алаңдатып қойды
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова парақшасында жазба жариялап, көпшілікті алаңдатып қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Актриса екі адам арасындағы сезім бір күнде сөнбейтінін айтады.
"Сезім бір күнде сөнбейді.
Айтылмай қалған бір сөзден, қойылмай қалған бір сұрақтан суына бастайды.
Енді мен:
“Қашан келесің?”
“Кешкі асқа не жегің келеді?”
“Шаршадың ба?”- деп сұрамаймын.
Енді сен:
“Мені сағындың ба?”
“Қолшатырыңды алдың ба?”
“Неге күлмейсің?”-деп сұрамайсың.
Көздеріміз ашық, бірақ, онда сәуле жоқ. Жүрегіміз соғып тұр, бірақ, бір-біріміз деп емес. Неге? Бізді бұл күйге салған тіршілік пе, әлде тұрмыс па?
Немқұрайлық…
Құтқара аламыз ба?" деп жазды ол.