"Үйленген ер адаммен біраз уақыттан бері кездесіп жүрмін": қыз жан сырын ақтарды
Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген кезекті хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Хат иесінің айтуынша, біраз уақыттан бері өзіне үйленуді уәде еткен ер адаммен кездесіп жүр.
"Үйленген ер адаммен біраз уақыттан бері кездесіп жүрмін. Оның бір баласы бар. Маған үнемі: «Әр нәрсенің өз уақыты бар, асықпа, бәрі болады» дейді. Әйелімен бірге тұрмайтынын айтады. Бірақ: «Ол – баламның анасы, сондықтан оны сыйлаймын» дейді. Осындай жағдайда болған жандар бар ма? Сіздердің ойларыңызша, ол расымен сөзінде тұрып, мен үшін отбасын тастап кете ала ма? Әлде бұл тек уәде ғана ма? Қанша рет ренжісіп, ұрыссақ та, қайтадан өзі іздеп келеді. Қолынан келгенше қамқорлық жасап, қалағанымды әперуге тырысады", - деп жазған ол..
Заңгер қыздарға басы бос емес еркектермен кездеспеуге кеңес берді.
"Қыздар, бір кеңес айтайын: жастық шақтарыңызды үйленген ер адамға арнамаңыздар. Мұндай қарым-қатынастың соңы көбіне өкінішке әкеледі. Көп жағдайда олар отбасын сақтап қалады, ал сіз тек уақыт жоғалтасыз. Сондықтан өз қадіріңізді біліп, мұндай жағдайға тап болмауға тырысыңыздар", - дейді ол.