Жаңалықтар

Алматы облысында жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қараусыз қалған ғимаратынан жаңа туған баланың денесі табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Мой Алматы" телеграм-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қазанда болған. Сондай-ақ, полиция нәрестені өлтірген адамды ұстады.

"Баланың анасы болуы мүмкін адам ауруханаға жатқызылды", – делінген телеграм-арнасының жазбасында.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі баланың қайтыс болғаны туралы деректі растады.