«Ұл бала дүниеге келді»: Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Өнер иесінің анасы немерелі болып, өзі інілі болған. Сәбиге ӘмірӘли есімі берілген.
«Сүйінші! Мамам немерелі болды. Бадыков ӘмірӘли өмірге келді! Аман-есен болсын! Дені сау болсын! Өмірің мәнді-сәнді болсын! Бай-қуатты бол! Арлы бол! Намысты бол! Есімі Байкен болса деп едім, артымнан бір бай ерісін деп. Бірақ үйдегі бір Ришат қыз осы есімді қойды. Еее, жарайды дедік», – деп жазды Дариға Бадықова.
Желі қолданушылары өнер иесінің отбасын құттықтап, жаңа туған сәбиге ақ тілектерін жаудырды.