Мәзір
Бүгін, 09:48 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Ұл бала дүниеге келді»: Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Ұл бала дүниеге келді»: Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады «Ұл бала дүниеге келді»: Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады
Фото: massaget.kz

Өнер иесінің анасы немерелі болып, өзі інілі болған. Сәбиге ӘмірӘли есімі берілген.

«Сүйінші! Мамам немерелі болды. Бадыков ӘмірӘли өмірге келді! Аман-есен болсын! Дені сау болсын! Өмірің мәнді-сәнді болсын! Бай-қуатты бол! Арлы бол! Намысты бол! Есімі Байкен болса деп едім, артымнан бір бай ерісін деп. Бірақ үйдегі бір Ришат қыз осы есімді қойды. Еее, жарайды дедік», – деп жазды Дариға Бадықова.

Желі қолданушылары өнер иесінің отбасын құттықтап, жаңа туған сәбиге ақ тілектерін жаудырды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2