Әлеумет

Әскери қызметшілердің жалақысы 60%-ға өсетін болды

2025-2027 аралығында әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға өседі. Бұл туралы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Келесі жылдан бастап, сержанттардың, офицерлердің, келісімшарттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Үш жылдың ішінде 60 пайызға артады», - деді ол.

Бұған дейін Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы өте төмен екенін, соңғы рет олардың жалақысы 2008 жылы ғана көтерілгенін айтқан болатын.