Жаңалықтар

Назира Дәрімбет «Әділ сөз» қорының президенті болып сайланды

Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

2026 жылғы 17 шілдеде қордың құрылтайшыларының жалпы жиналысы мен Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтіп, қор президенті болып танымал журналист әрі медиа сарапшы Назира Дәрімбет сайланды.

Назира Дәрімбет тәуелсіз журналистикада және медиа саласындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибеге ие. Ол қордың сөз бостандығын қорғау, журналистер қауымдастығын қолдау және Қазақстандағы тәуелсіз медианы дамыту жөніндегі миссиясын жалғастырып, оның қызметін жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.
 

«Бүгінде журналистер сот және әкімшілік қысыммен қатар, кибершабуылдар, аккаунттардың бұғатталуы және онлайн-қудалау сияқты жаңа цифрлық қауіптерге де тап болып отыр. Осы сын-қатерлерге жауап ретінде журналистерді қорғаудың заманауи тетіктерін дамыту, кәсіби қауымдастықтың бірлігін күшейту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажет», — деді Назира Дәрімбет.