Испания – Аргентина: Әлем чемпионатының финалын Қазақстанда қайдан көруге болады?
20 шілдеге қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы анықталады. Финалда қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы Испаниямен кездеседі, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Аргентина жеңіске жетсе, соңғы 64 жылда әлем чемпионы атағын қорғаған алғашқы құрама атанады. Ал Испания турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы болуы мүмкін.
Матч қашан және қайда өтеді?
Финал АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы New York – New Jersey Stadium стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 20 шілдеде сағат 00:00-де басталады.
Тікелей эфир
Финалдық кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Студиялық бағдарлама сағат 23:20-да, ал жабылу рәсімі мен финалдық матчтың трансляциясы 23:50-де басталады.