Мәзір
Бүгін, 10:38 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда алты баласы бар әйелден полицияға үрейлі хабарлама түсті

Алматыда полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алып, алты баласы бар әйелге дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды buginmedia.kz

Алматыда алты баласы бар әйелден полицияға үрейлі хабарлама түсті Алматыда алты баласы бар әйелден полицияға үрейлі хабарлама түсті
Фото: Shutterstock

Түнгі уақытта «102» арнасына Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде әйел адамның өзіне және балаларына зиян келтіруі мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция, ювеналдық полиция инспекторлары, учаскелік инспектор және медицина қызметкерлері барған.

Белгілі болғандай, үйде алты баласымен бірге болған әйел отбасылық жанжалдан кейін ауыр психологиялық күйге түскен.

Полицияның басты міндеті қайғылы оқиғаның алдын алу болды. Ювеналдық полиция инспекторлары әйелмен сөйлесіп, оны сабырға шақырған. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Қазір отбасыға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Жұмысқа психологтар, мемлекеттік органдардың мамандары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылып, әйелге әлеуметтік және психологиялық қолдау ұйымдастырылған.

Полиция азаматтарды қиын өмірлік жағдайда жалғыз қалмауға шақырып, уақытылы көмекке жүгіну адам өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін еске салды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2