Өңірлер бойынша:
* Ақмола облысында – 1 өрт;
* Павлодар облысындағы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт;
* Шығыс Қазақстан облысында – 1 өрт.
Өрт ошақтарын жедел анықтау және сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК күштері, сондай-ақ қажет болған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды.
Орман өрттерін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауда.
"Еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталуына байланысты азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға, отты абайлап пайдалануға және өрттің туындауына себеп болатын әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.