Аймақ

Павлодар маңында 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын аумақта магнитудасы 4,9 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

 

Ұлттық ядролық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуі 18 шілдеде Астана уақытымен сағат 02:09-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы екі елдің шекаралас аймағында, Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ 18 шілде күні таңертең сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Ол Қытай аумағында Астана уақытымен сағат 10:47-де болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жер сілкінісі де Қазақстан аумағында сезілмеген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.